Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еуропа салған санкция пакетінде Орта Азия банктері де бар" - Еуроодақ Ресейге 19-шы санкциясын бекітті

14:44, 24 қазан 2025 201

Еуропалық одақ Ресейге қарсы кезекті, 19-шы санкциялар пакетін ресми түрде мақұлдады. Бұл жолғы шектеулер бұрынғыларға қарағанда ауқымдырақ және бірнеше ел мен саланы қамтиды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңа пакетке сәйкес, Ресейден ЕО аумағына сұйытылған табиғи газ (СПГ) жеткізуге толық тыйым салынады. Сондай-ақ ресейлік азаматтарға криптовалютаға қатысты барлық қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігі шектелмек.

Құжатта Ресей дипломаттарының сапарларына да шектеу енгізілетіні көрсетілген. Сонымен қатар Ресейдің «көлеңкелі флотының» құрамындағы тағы 117 кеме санкциялық тізімге енгізілді.

Бұл жолғы санкциялар тек Ресеймен шектелмейді. ЕО шектеу шараларын Орталық Азия елдерінің банктеріне (оның ішінде Қазақстан да бар), Беларусь қаржы ұйымдарына және Қытайдың мұнай өнеркәсібімен байланысты төрт компанияға да қолданбақ.

Қай банктердің санкция тізіміне енетіні әзірге нақты жарияланған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам Ресейдің экономикалық айналымын шектеумен қатар, Мәскеумен жанама байланысы бар елдердің де қаржы операцияларына әсер етуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар