Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ОДКБ Ресейге көмекке келеді - Иманғали Тасмағамбетов

20:00, 06 наурыз 2025 914

"Украинада Еуропаның бітімгер әскерін орналастыру аймақтағы жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін" деді ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік "Известия" басылымына берген сұхбатында.🗣

"Осы күнге дейін бұл (Еуропаның әскері) контингент ресми түрде болмаған. Бұл аймақта қауіпті жағдай тудыруы мүмкін" деді Тасмағамбетов.

Тасмағамбетов сұхбатта Францияның ядролық держава ретінде Еуропа елдерін "ядролық қалқаға" алу туралы ұсынысын сынап, Францияның саяси билігі осындай ұсыныс арқылы "Еуропадағы өзінің позициясын нығайтқысы келеді" деді. 

Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігі жөнінде "Ереванмен жұмыс бойынша байланыстамыз. Армения одақтас болып қала беретінін және ұйымның ел алдындағы міндеттемелері орнында екенін тағы бір рет атап өткім келеді" деді ол.

Армения бұған дейін бұл ұйымға мүшелігін уақытша тоқтатқан еді. Ереван Таулы Қарабақта Әзербайжанмен қақтығыс кезінде ҰҚШҰ Арменияға әскери көмек бермегенін алға тартқан. Тасмағамбетов былтыр Ереванның ҰҚШҰ-ға қатыспауы әскери одақтың жұмысына әсер етпейді деген.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі бұған дейінгі сұхаттарында да Кремльдің Батысқа қарсы тұжырымдарын қайталаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар