Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ескертпестен ұрып, оң жақ қабырғасын қайыстырған". Сержанттың соққысынан кейін комаға түскен сарбаз ісіне қатысты сот басталды

10:34, 22 қараша 2024 573

Сержанттың соққысынан кейін сарбаз Нұржігіт Әбділпатта комаға түскен. Отардың әскери бөлімінде болған аталмыш даулы, сойқан жағдайға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.
                                                    
Алматы гарнизонының әскери сотында сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның ісіне қатысты сот процесі басталды. Әскери қызметші, кіші сержант Дастан Тұрланға қызметіне асыра пайдаланды деген айып тағылған.  

Әкесінің хабарлауынша, жас сарбаздың жағдайы былай ушыққан:

"6 маусымда келісімшарт бойынша әскери қызметтегі сержант баламды ұрғаны белгілі болды. Баламмен бірге әскери борышын өтеген куәгер сарбаздардың айтуынша, оқиға сапқа тұрғанда болған. Нұржігіттің тамағының жыбырлайтыны бар, әскерге кетер кезде спрей сатып әперіп едік. Соны тамағына сеуіп, қалтасына салған екен. Оны көрген сержант қолын қалтасына салып тұр деп ойлап, ешбір дауыстап ескерту айтпастан баламның қасына келіп, оң жақ қабырғасынан қатты ұрған. Куәгерлер соққыдан баламның біртүрлі дауысы шығып кеткенін айтты. Оқиғадан бір күн өткен соң балам құсқысы кеп, басы айналып, жағдайы нашарлай бастаған. Ал 8 маусымда балам тамақтан мүлдем бас тартқан, іше алмаған. Нұржігіт барған сайын әлсіреген, ал командирге ол туралы айтылған", - дейді әкесі.

Орайы келгенде айта кетейік, Нұржігіт Әбділпатта үйдің жалғыз баласы, ол Шымкенттегі “Авиценна” жоғары медицина колледжінде 1-курста оқып жүрген. Қостанайдағы үйіне барғанда ата-анасына әскерге өз еркімен барғысы келетінін айтқан. Ол мамырда ғана өз еркімен әскери борышын өтеуге аттанған, 29 шілде әскери ант қабылдау керек болған. Жас жігіттің оған дейін денсаулығында кінәрат болмаған.
 
9 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы әскери бөлімде борышын өтеп жүрген 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта жансақтау бөліміне түскені хабарланды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар