Мәскеуде бүгін 15 жастағы мектеп оқушысы пышақтап өлтірген әкесінің қызына қол көтергені туралы оның сыныптастары мен мектептегі достары айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Олардың кейбірі тіпті ер адамның есірткіге тәуелді болғанын, ал қыз оны ыңғайы келген кезде полицияға бергісі келгенін де білген.
SHOT басылымына сұхбат берген оқушылардың айтуынша, жасөспірім әрқашан тыныш әрі сабырлы болатын, ешнәрсеге шағымданбайтын.
Алайда, әкесі оны анда-санда ұрып-соға бастағаннан кейін, Алиса тұйықтала бастаған.
Сол кезден кейін ғана ол бірнеше рет әкесінің өзін ұрғанын айтып шағымданған.
Құрбыларының бірінің айтуынша, анасы екеуінің қарым-қатынасы жақсы болған, ал әкесімен жиі ұрыс-керіс болып тұрған.
Жақында ғана әкесі тағы да қол көтерген. Алайда Алиса денесіндегі көгерген жерлерін ешкімге көрсетпеген.
Оқушылардың айтуынша, мектептегі барлығы Алиса отбасындағы қиындықтар туралы білген, тіпті жаңадан келген оқушылар да.