Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есімі әлем тарихында жазылды". Қазақ қызы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

14:45, 20 қыркүйек 2025 545

Қазақстан дзюдошысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді, деп жазады Alash.KZ.

Sports.kz хабарлауынша,  Әбиба 5021 ұпай жинаған. Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова (4738), үшінші орында — Италияда туған Ассунта Скутто (4727).

Әлемдік рейтингтің алғашты он бес үздік спортшылар қатарында Қазақстанның тағы үш өкілі бар. Олар: Гусман Қырғызбаев - 66 келіге дейінгі салмақта 12-ші, Елдос Сметов - 60 келіге дейінгі дивизионда 15-ші, Абылайхан Жұбаназар - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 15-ші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар