Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ештеңе керек емес»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы уәжін айтты

10:42, 30 қыркүйек 2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Ақжолдың анасы ұлын ауруханадан шыққан соң бірден үйіне алып кеткісі келетінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның сөзінше, отбасы Ақжолды басқа жаққа жібермей, тікелей үйіне жеткізуді сұрап отыр.

«Тіке үйге алып кетсем деймін. Баланы әр жаққа алып кетпей осы жерден тек үйге алып кеткім келеді. Бізге басқа ештеңе керек емес», — деді сұмдық оқиғадан кейін әлі есін жинай алмай шошынған ана.

Сарбаздың әкесі де отбасының осы өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, Ақжол негізінен әскери қызметін аяқтап, 3 қазанда үйіне оралуы керек болған.

«Қазанның үшінде қайтуы керек болған. Ол туралы кешегі сұхбатымда айттым. Марқұм сарбаздардың үйіне үлгергенімізше кіріп шығып жатырмыз», — деп қосты сарбаздың әкесі.

Айта кетейік, Ақжол — Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің жіті бақылауында ем қабылдап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар