БАҚ кеңістігінде Отандық тарихшылар Ресей ғалымдарымен бірлесіп Қазақстан тарихын жазады деген қауесет тарады. Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік кеңесшісі пікір білдіріп, жалған ақпарат екенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Ешкім сырттан келіп біздің тарихты, оқулықтарды жазып жатқан жоқ, жазбайды да. Бұның бәрі қауесет әңгіме. Қазақстан тарихының 7 томдығының алғашқы қолжазба жобасы дайын. Онымен еліміздің 5 ғылыми тарихи институты мен отандық 250 зерттеушілері айналысты. Қазір том жетекшілері редакциялық жұмыс жүргізіп жатыр. Келер жылы баспаға беріледі. Бұл жұмыстардың барысы туралы екі жыл бойы тұрақты ақпарат жариялап, барлық сұхбаттарда кеңінен хабарлап жүрмін. Қажетті ақпараттың бәрі ресми сайтта және менің парақшамда бар. Ал оқулықтар бойынша ешқандай да жұмыс топтары немесе комиссия құрылмаған, ол да жалған ақпарат", - деп жазды Ерлан Қарин.