Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ертерек тұрмысқа шығып кетсейші”. Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған сырын ашты (ВИДЕО)

21:13, 28 шілде 2025 804

Әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, әже болуды армандап жүргенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деген әңгімелер айтады. Бір жағынан бір түрлі болып қалады екенсің. Сосын, «жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деп басу айтамын», - дейді Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар