Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлік Сертай семсерлесуден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

09:30, 20 сәуір 2026

Қазақстандық шпагашы Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Отандасымыз 1/32 финалда оңтүстіккореялық Ён Хо Намды 15:6 есебімен жеңді. Одан кейін венгриялық Левенте Бутаны 13:12 есебімен, сондай-ақ, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Гергеи Шиклошиді (Венгрия) 15:12 есебімен ұтты.

Ширек финалда Ерлік чехиялық Якуб Юрканы 15:9 есебімен жеңсе, финалға шығу үшін өткен кездесуде швейцариялық Ян Хауриден 15:12 есебімен басым түсті.

Ал шешуші сында Сертай венгриялық Давид Надьге 12:15 есебімен есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар