Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі елдің аумақтық тұтастығына қатысты алып-қашпа әңгімеге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
«Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді. Осылай тағы да қайталап айтуымыз керек. Себебі, кейбір азаматтардың «Ата заңда елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді» деген пікір білдіруі , ол - жалған ақпарат. Таза манипуляция! Өздеріңіз білесіздер. Керісінше, жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылған. Атап айтқанда, жаңа приамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған».