Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркектер оңды-солды жүреді екен: Орыс ұлтына күйеуге шыққан актриса маңызды мәлімдеме жасады

08:44, 08 тамыз 2024 1606

Танымал актриса Фариза Ескермес тойдан кейін көңіл-күйін түсіретін оқиға болғанын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менің көңіл-күйімді түсірген бір нәрсені айтқым келіп тұр. Біз АХАЖ бөліміне барғанда сол жерде жұмыс істейтін бір әйел бізді құттықтады. Одан кейін Андрей екі минутқа фотографпен сөйлесуге сыртқа шығып кетті. Сол аралықта жаңағы әйел маған: "күйеуіңіз көзге түсетіндей сымбатты екен, сізге сабыр тілеймін, сабыр! Мұндай еркекке қыздар өздері кеп жабысады, ал мұндай еркектер... мен айтпасам да біліп тұрсыз ғой, оңай нәрсе емес. Сондықтан сізге тағы да сабыр тілеймін. Еркектің бәрі оңды-солды жүреді. Мұндай сәтте бәрінен үзілді-кесілді бас тартпа, уақыт өте келе бәрібір әйелінен жақсысын таппай қатесін түсініп, қайтып келеді" деп өзінше ақыл айтты", - деп жазды актриса әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Актриса алдыңғы толқындағы, егде жастағы адамдардың жастарға дұрыс ақыл-кеңес айта бермейтінін айтып, бір сөгіп алды. 

Өздерің шыдаңдар, тілдерінді де өздеріңде ұстаңдар! Сіздің шыдамыңыз бен төзіміңіз мен үшін даналық емес, менің ойымша даналық деген өз адамыңды сүйіп, қадірлеуде, оны ғана емес, өзіңді де дәл солай бағалай алуда", - деп жазды актриса. 

Фариза Ескермес әйелдің сөзін қатты көңіліне алған болса керек, ағынан жарылып бірнеше жазба жариялады. 

"Бізді алда не күтіп тұрғанын білмеймін, әрине. Не болса да өтіріксіз, лайық өмір сүрген жақсы. Тіпті өмірімде өтірік болған күннің өзінде, маған ақыл-кеңес беретін сіз емессіз. Тіпті досым болсаңыз да маған кеңес бермей-ақ қойыңыз. Мен бәрібір өз дегенімді істеймін", - деп жазды ол желіде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар