Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Өңір басшысы Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қарағанды облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған. Сондай-ақ облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.
Алдағы уақытта жеңісті дәстүрді сақтау және оны одан әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару көзделіп отыр. Басымдық кәсіби спортты дамытуға және жоғары деңгейдегі теннисшілерді даярлауға беріледі. Сонымен қатар бұқаралық спортты өркендетуге, халықты үстел теннисімен тұрақты түрде айналысуға тартуға және Қазақстан мен Қарағанды облысының халықаралық аренадағы спорттық имиджін ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ. 
“Ерекше назар аударылмақ”. Қарағанды облысының әкімі тағы бір жауапты қызметке кірісті
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026
«Анасын балағаттағаны үшін»: Әйелді өлтіріп, өртеп жіберген павлодарлық сотталды
17:46, 12 қараша 2026
«Әкесін көріп те алуға болады екен»: Төреғали Төреәлі ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)
17:30, 12 қараша 2026