Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ерекше мәртебесі бекіді»: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды

17:24, 08 мамыр 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңды бекітті, деп жазады Alash.kz. 

Жаңа құжат жас қаланың экономикалық әлеуетін арттырып, оны ірі инвестициялық және инновациялық хабқа айналдыруды көздейді. Бұл Алатаудың жедел дамуына жол ашып, басқару жүйесіне мүлдем жаңа модель енгізуге мүмкіндік береді.

Заң аясында қаладағы кәсіпкерлік, кеден, қаржы нарығы және цифрлық активтер саласы арнайы ережелермен реттелмек. Сондай-ақ құжатта ойын бизнесі, архитектура, экология және мәдениет пен спортты дамытудың нақты тетіктері көрсетілген. Қаланың болашақ келбеті мен даму бағыты арнайы мастер-жоспар мен ұзақ мерзімді стратегия негізінде қалыптасады.

Жаңа ережелерге сәйкес, өңірде «Алатау резиденті» деген арнайы мәртебе енгізіледі. Бұл мәртебеге ие болған жеке және заңды тұлғалар үшін ерекше құқықтық режимнің жеңілдіктері қолжетімді болмақ. Сонымен қатар инвесторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер мен қолайлы салық-бюджет саясаты қарастырылған.

Алатауды заманауи «ақылды қала» ретінде қалыптастыру үшін бірыңғай цифрлық басқару платформасы құрылады. Бұл жүйе қаланың инфрақұрылымы мен қауіпсіздігіне қатысты барлық деректерді бір орталыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Конституциялық заңның толық мәтіні жақын арада ресми баспасөз беттерінде жарияланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар