Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ерекше күн… Қуаныш! Құттықтап қойсаңыздар болады": Димаш Құдайбергенге қатысты қуанышты хабар тарады

15:01, 07 қыркүйек 2026

Халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кемеңгер Оралға ерекше тосынсый жасап, темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Актер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, күтпеген сыйлық туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше күні табысталған.

Кемеңгер Орал ағасының сыйлығын зор ықыласпен қабыл алып, оған жүрекжарды алғысын білдірді. Актер Димаш Құдайбергеннің әрдайым жанынан табылып, қолдау көрсетіп келе жатқанына ризашылығын білдірді.

«Кеше мен үшін сондай ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы... Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы – ағамның маған сыйлаған көлігі.

Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл – сіздің маған деген сеніміңіздің, адам ретінде де, аға ретінде де әрдайым қолдау көрсетіп жүргеніңіздің белгісі деп білемін.

Сізбен бірге осындай ерекше сәттердің куәсі болып жүргенім – мен үшін үлкен мәртебе.

Ағайын, Легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Аллаға, сосын сізге рақмет, аға», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар