Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ердоған Түркістандағы өзіне қарай жүгірген адамдарға тоқтап, көлігінен қол бұлғап, арнайылап суретке түсті

20:05, 15 мамыр 2026

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына келді. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың ерекше назарын аударды, деп жазады Alash.kz. 

Желіде жарияланған кадрларда Түркия басшысының кортежі өтіп бара жатқан сәтте бір топ азамат оны телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді. Халықтың өзіне деген ықыласын байқаған Ердоған кортежін арнайы тоқтатып, жол жиегінде тұрған адамдармен амандасқан.

Ол жиналған жұртқа жақындап, қол алысып, суретке де түскен. Куәгерлердің айтуынша, Ердоғанмен жүздескендердің арасында Самарқанд, Бұқара және Ташкент қалаларынан келген туристер де болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Түркия президентінің қарапайымдылығы мен халыққа жақындығына тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси жиынға бірнеше елдің көшбасшылары қатысуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар