Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ербаянның тайып құлағаны жайлы ертегіге бес жасар бала да сенбейді" - Нартай Аралбайұлы

09:52, 07 қыркүйек 2024 741

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты өткір пікір білдіріп, әскердегі әлімжеттікті айыптады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ербаян бауырымыз ауыр жағдайға тап болды. Тіпті, ол жарақат алғаннан кейін миының бір бөлігін алып тастап, қазір ас іше алмай, көзін аша алмай өте қиын жағдайда жатыр. Жүрегің ауырады. Ал соның ресми түсініктемесі жайлы әскери бөлім не дейді бізге? "Әжетханада құлап, жарақат алды", -  дейді. Ақылы бар адам тұрмақ, бес жасар бала сенбейтін дүние ғой... Міне, бұл Қорғаныс министрлігінің жұмысындағы жүйелі қателік. Әскердегі әлімжеттікті жоя алмай отыр. Екіншіден, құқық қорғау органдарының осындай әлімжеттікті тергейтін жұмысындағы қателік. Бұл жерде сыбайластық бар ма деп ойлаймын. Екеуі де істі жылы жабуға тырысады, - деді депутат. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар