Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ер адамды атып өлтіріп, жиенін кепілге алған»: Талғардағы қанды оқиға туралы ел естімеген ақпарат шықты

20:03, 18 наурыз 2026

Алматы облысында бірқатар ауыр қылмыстар жасаған ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Сот процесі барысында айыпталушыға кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және қаруды заңсыз сақтауды қоса алғанда, жалпы саны 12 бап бойынша айып тағылған болатын.

Өткен жылдың қыркүйегінде орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеу кезінде толық анықталды. Қылмыскер әйел адамды зорлап, кейін оны бопсалап келген. Қылмыстық әрекетін жалғастыра отырып, ол жәбірленушінің ағасын өлтіріп, оның екі жасар қызын ұрлап әкеткен. Құқық қорғау органдарынан қашпақ болған сәтте айыпталушы тізгіндеген көлік ішіндегі сәбимен бірге құздан құлаған. Екі жасар қыз аман қалғанымен, түрлі дене жарақаттарын алды.

Сот шешімімен басты фигурант ширек ғасырға сотталса, оның сыбайласы болған екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің әрқайсысы орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылдан өтейтін болды. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың материалдық өтемақы туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Негізгі сотталушыдан 30 миллион теңге, ал қалған екі адамнан 15 миллион теңгеден өндірілетін болды.

Бұл істің тағы бір маңызды тұсы — Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты бөлек іс қозғалуы. Мәлім болғандай, қайғылы жағдайдан бір ай бұрын жәбірленуші зорлау дерегі бойынша шағым түсіргенімен, полиция тарапынан ешқандай шара қолданылмаған. Күдіктінің сол уақытта босатылып жіберілуі соңы ауыр қылмысқа ұласқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшыларының қызметтік салғырттығы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар