Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Енесін өлтіріп, ізін жасыру үшін мәнті жасаған” - Отбасылық жанжалдан болған сұмдық қылмыс туралы жантүршігерлік ақпарат шықты

13:09, 01 қараша 2025 277

Өзбекстанда бірнеше жылға созылған отбасылық жанжал сұмдық қылмыспен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу дерегінше, келін мен ене арасындағы жанжал жылдар бойы жалғасып келген. Екеуінің арасындағы араздық пен өзара қызғаныш бір күні қанды оқиғаға ұласқан.

Кезекті ұрыс кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ сұғып алған. Әйел сол жерде көз жұмған. Өз әрекетін жасыру мақсатында келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көміп тастаған.

Бірақ қанды оқиға мұнымен шектелмеген. Күйеуі болған жағдайды білген соң, әйеліне қарсы шыққан, алайда ол да әйелдің қолынан қаза тапқан.

Қылмыстан кейін келін өзін ештеңе болмағандай ұстап, асүйге барып манты пісіріп, оны көршілеріне таратқан. Тергеу болжамынша, ол осылайша айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.

Көп ұзамай полицейлер қылмысты әшкерелеп, әйелді қамауға алған. Сот оны кінәлі деп танып, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар