Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енем маған “сіз” деп сөйлейді: Маржан Арапбаева отбасы туралы сыр шертті

14:38, 08 сәуір 2025 951

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында жеке өміріне тоқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өз сұхбатында анасынан көрі енесіне жақынырақ болғанын айтты.

«Енеммен қарым-қатынасым өте тамаша. Ол менің құрбым. «Мен қонақ күткелі жатырмын, тез кел» демейді. Кейбір кезде маған тіпті «Сіз» дейді. Мен сондай сәтте ыңғайсызданып қаламын. Өйткені, енем мен қайын атам адамдарды қатты құрметтейді. Ескінің адамдары емес. Енем - ағылшын тілінің мұғалімі, қайын атам – ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болған, математик», - дейді ол.

Енесінің жақсы адам екенін айтып, қатты сыйлайтынын да тілге тиек етті.

«Енем әдемі киінгенді, әдемі болып жүргенді қатты жақсы көретін кісі. Олар «Маржан Арапбаева біздің келініміз» деп мақтанады. Енем әдемі киініп, ортаға отырған кезде «мен Маржан Арапбаеваның енесімін, соған сай болуым керек» дейді. Ол кісілірмен қарым-қатынасым өте жақсы», - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар