Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді имамдарға әлеуметтік желілерден жарыса сөйлеуге тыйым салынады

10:03, 05 маусым 2024 403

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы имамдардың әлеуметтік желілерге шығып сөйлеуін шектеп, кез келген жазбаға лүпіл басуына тыйым салды, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп. 

Мамыр айының соңында Өзбекстандағы барлық мешіттердің имамдары Ташкент бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. 

27 мамырда тараған хабарламада "тағы бір тапсырма әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты", "сонымен қатар оны оқығаннан кейін әлеуметтік желілердегі кез-келген постқа лайк қоюға тыйым салынады" делінген. 

 Бұл ақпарат Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында расталды.

Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 16 конфессияның 2285 діни ұйымы жұмыс істейді.

Олардың 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі Өзбекстан Республикасының "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңымен реттеледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар