Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір тойға шығып, ән айтып жүр. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының талқылауына түсіп, сын айтуына себеп болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде жүктеген видеоға қарасақ, Мөлдір Мұқанова сынның астында қалған. Оның тойда көңіл көтеріп, ән шырқаған сәті көрсетілген.
Azattyq Rýhy порталы бұл хақында жазды. Желі қолданушылары арасында Мөлдірдің орындауы әртүрлі пікір тудырды. Бірі оның өнеріне тамсанып, жоғары бағаласа, енді бірі сын айтып, кәсіби әншілермен салыстырды.
Кейбіреуі «Енді өлең айтпа», «Дауысы жоқ қой мүлдем» деп жазса, кей қолданушылар «Несі бар, конкурсқа қатысып жатқан жоқ қой», «Әдемі сияқты» деген пікір қалдырған.
Видеода Мөлдір Мұқанованың өзін еркін ұстап, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап жатқанын көруге болады.