Қазақстандық танымал стендап-комик, шоумен және продюсер Ғалым Қалиақбаров денсаулығына байланысты әлеуметтік желідегі белсенділігін уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол жеке парақшасында оқырмандарына өзінің жағдайын түсіндіріп, дәрігерлердің өзіне «орташа ауырлықтағы депрессия» диагнозын қойғанын жеткізген.
«Жақында маған орташа ауырлықтағы депрессия диагнозы қойылды. Енді біраз уақыт мұнда сирек көрінемін, денсаулығымды түзетуге көңіл бөлемін. Сіздер де өздеріңізді күтіңіздер», – деп жазды ол.