Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Арна авторы бес жыл мерзімге қамалатын болды, сонымен қатар, журналист ретінде қызмет атқаруына, митингілерге қатысуына, сұхбат беруіне тиым салынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Соттың шешімімен Еңсебекке бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған қоғамдық қызметпен айналысуға, соның ішінде журналистік қызмет атқаруға, митингілерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салынды.
Темірлан Еңсебек өзіне тағылған айыптарды мойындамай, толық ақтауын талап етті. Ал қорғаушысы соттан істі тоқтатуды сұрады.
Сот шешімі
Істі Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Бейнегүл Қайсина қарады.
Қылмыстық Кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сот шешім шығарған кезде, сотталушының бұрын сотталмағаны ескерілді, алайда ол өз құқыққа қайшы әрекеті үшін өкініш білдірмеген.
Осылайша, сот сотталушыны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айырумен байланысты емес 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Автор орыс тіліне тіл тигізетін "Йоу, орыстар" әнін жариялағаннан кейін қамауға алынды.