Қанат Шарлапаев утильалым бағасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қанат Шарлапаев журналистерге утильалым туралы түсініктеме бермеймін деп ашуланды.
"Бұл мәселе бойынша бұдан былай ешқандай түсініктеме бермеймін. Сарапшылар мен осы тақырыпты манипуляциялауды жалғастырып жатқан адамдардың расталмаған мәлімдемелеріне түсініктеме бермеймін", – деді Шарлапаев.
Петиция туралы да өз ойын айтты.
“Мемлекеттік органдар ақылдасып, нақты шешім қабылдады. Олар қабылдаған шешімді қайта-қайта тексере берген дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені заң бар, заңның диктатурасы бар. Өтініш заңнамалық тұрғыдан қаралып, шешім қабылданды. Сондықтан мемлекеттік органдардың алқалы түрде қабылдаған шешіміне қатысты пікір айта алмаймын. Енді бұл мәселені қозғамауды сұраймын. Енді ешқандай түсініктеме бермейміз”, – деді министр.