Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді бункер түрінде салынады»: Жертөлелер мен паркингтер салуға қатысты маңызды өзгеріс енді

21:34, 07 сәуір 2026

Қазақстанда биылдан бастап тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жерасты нысандарын салуға қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді, деп жазады Alash.kz. 

Сауда және интеграция министрлігі бірқатар ведомстволармен бірлесе отырып, жертөлелер мен паркингтерді халықты қорғауға бейімдеудің бірыңғай стандартын бекітті. Енді жаңадан салынатын нысандар тек техникалық мақсатта ғана емес, төтенше жағдайлар кезінде сенімді пана болатындай деңгейде жобалануы тиіс.

Жаңа ережеге сәйкес, бұдан былай бой көтеретін ғимараттардың жерасты бөліктері табиғи және техногендік апаттардан, сондай-ақ әскери қауіп-қатерлерден, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан қорғануға арналған бункер ретінде қарастырылады. Осыған байланысты құрылыс нысандарының конструкциясы мен жоспарлануы сыртқы соққылар мен қысымдарға жоғары төзімділік танытуы керек. Бұл талаптар ғимараттардың беріктігін арттыруға тікелей әсер етпек.

Сонымен қатар стандарт бойынша әрбір жерасты нысаны тіршілікті қамтамасыз етудің дербес жүйелерімен жабдықталуы міндетті. Атап айтқанда, бұл орындарда арнайы желдету құрылғылары, үздіксіз сумен және электрмен жабдықтау мүмкіндігі, санитарлық тораптар мен тұрақты байланыс желілері орнатылуы қажет. Мұндай шаралар халықтың қауіпті жағдайларда ұзақ уақыт бойы қауіпсіз паналауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа құрылыстармен қатар, қолданыстағы жерасты инфрақұрылымдарына да қатаң тексеру жүргізіледі. Мамандар ескі жертөлелерді, метро станцияларын және жерасты өткелдерін техникалық аудиттен өткізіп, олардың қорғаныс қабілетін бағалайды. Тексеріс барысында талапқа сай келмейтін нысандар анықталса, оларды жөндеу, нығайту немесе стандартқа сәйкес қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар