Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді әйелін ұрған еркектерге мемлекет көмектесетін болады

14:32, 09 шілде 2024 586

Енді әйелін ұрған еркектерге көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 29 маусымдағы бұйрықпен Денсаулық сақтау ұйымдарында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға психологиялық көмек көрсету қағидаларын қабылдады.

Сессияларды осындай клиенттермен жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған психологтар жүргізеді, оның ішінде сенімді қарым-қатынас орнату, мінез-құлық аспектілерін түзету және араласу нәтижелерін бағалау кезеңдері қамтылған.

Психологиялық көмек емханаларда көрсетілетін болады.

Көмек сот актісі негізінде көрсетіледі. Психологиялық консультациялар психолог кабинетінде жүргізіледі. Мұндай адамдарға психологиялық көмек көрсетуге қарсы көрсеткіштер ретінде стационарлық емдеуді қажет ететін аурулардың немесе жұқпалы аурулардың болуы деп танылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар