Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ең қатты, қатігез шараны қолданамыз! Шыдамымыз бітті! - Трамп сұмдық тапсырма берді

16:30, 06 мамыр 2025 1959

АҚШ президенті Дональд Трамп 1963 жылы жабылған Калифорниядағы “Алькатрас” түрмесін қайта ашу туралы бұйрық берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Трамптың айтуынша, ол түрмені қайта ашу жөнінде АҚШ түрмелер бюросына, Әділет министрлігіне, Ішкі қауіпсіздік министрлігіне және ФБР-ға тапсырма берген.

Президенттің айтуынша, АҚШ бұдан былай “өз жұмысын орындаудан қорқатын, елге заңсыз келген қылмыскерлерді елден шығаруға мүмкіндік бермейтін судьялардың тұтқынында бола алмайды”.

Оның пікірінше, түрменің қайта ашылуы — “заңның, тәртіптің және әділдіктің символына” айналады.

“Біз енді көшелерімізде зұлымдық, қан төгіс пен бүлік тарататын қылмыскерлерді, сериялық қылмыскерлерді төзе алмаймыз. Сондықтан бүгін мен АҚШ түрмелер бюросына, Әділет министрлігіне, ФБР мен Ішкі қауіпсіздік министрлігіне бірлесе отырып, ең қатыгез әрі мейірімсіз қылмыскерлерді ұстауға арналған кеңейтілген әрі қайта салынған “Алькатрас” түрмесін ашуды тапсырамын. Біз енді қылмыскерлердің, бандиттердің және өз жұмысын атқаруға қорқатын судьялардың тұтқынында бола алмаймыз. Алькатрастың қайта ашылуы — заңның, тәртіптің және әділдіктің символына айналады”, — деп жазды АҚШ президенті Truth Social платформасында.

Қатаң режимдегі бұрынғы федералды түрме — “Алькатрас” Сан-Франциско шығанағындағы аралда орналасқан. Ол ескі форттың орнына 1912 жылы салынған және алғашында әскери түрме ретінде қолданылған.

Алайда 1936 жылы Әділет министрлігінің қарамағына беріліп, қайта жөнделіп, қауіпсіздігі күшейтілген. Бұл түрмеге ең қауіпті қылмыскерлер қамалған. Мысалы, атақты гангстер Аль Капоне осы түрмеде отырған.

“Алькатрас” АҚШ-тағы ең қатаң түрме саналған. Бұрынғы тұтқындар түрме күзетшілерінің қаталдығы мен адам төзгісіз жағдайлар туралы жиі айтатын. Түрме жұмыс істеген жылдары “Скала” аталып кеткен бұл түрмеден 14 рет қашуға әрекет жасалған, бірақ ешқайсысы сәтті болмаған.

1963 жылы түрме жабылып, содан бері туристер көп келетін музей ретінде жұмыс істеп келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар