Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Эмоция базары»: Белгілі теолог Нұрлан имамды сынай жөнелді

11:09, 04 наурыз 2024 849

Теолог әрі исламтанушы Асқар Сабдин «Adal Adam» Youtube арнасына берген сұхбатында Нұрлан имамның әлеуметтік желіде кеңінен тараған уағыздарына қатысты ойын айтты.

Оның пайымдауынша, Нұрлан имам Ханафи мазхабында жоқ, шетелден келген тактиканы қолданатын көрінеді.

«Ислам әлемінде соңғы ғасырдағы ең үлкен мәселе – норма шығарушы субъектке қойылған талаптың бәрін аяқ асты етіп жатыр. Кез келген тұлға келіп мынау дұрыс, дұрыс емес, кәпір, мұсылман, арам, адал деп бөледі. Осыдан көптеген дау пайда болып, ол зорлық-зомбылықпен аяқталып жатыр. Біздегі кейбір имамдар мен уағызшылар осы нормаларды ұстанбайды. Бір аяттың дәйексөзін келтіреді де, үкім шығарады. Ал оның басқа хадис, аяттармен байланысын білмейді. Ол кісі пәтуа шығарудың талап-ережелерін меңгермеген. Бұл норма шығару ережелерін бұзу болып есептеледі. Бұл біздің Ханафи мазхабында жоқ нәрсе, шетелден келген басқа ғылымдардың тактикасы», – деді исламтанушы Асқар Сабдин.

Сондай-ақ ол қазір қоғамда дін бойынша уағыздар Таяу Шығыстан экспорт болып есептелетінін жеткізді.

«Олардың уағызшыларын тыңдайды да, керегін алады, оларға еліктейді. Ол кісілердің уағыздарын «эмоция базары» деп есептеймін. Нұрлан имамды жеке тұлға емес, тенденция ретінде айтып өткім келеді. Ислам дінінде кез келген адамның іс-әрекетінде пәтуа шығару деген процесс бар»,– деді ол.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар