Елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің атауы өзгеретін болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университет атауын Күләш Бәйсейітованың есімімен атау туралы шешім қабылдағанын баяндады.
«Бұл – әйгілі әншіге көрсетілген зор құрмет әрі ерекше өнерімен тарихта қалған тұлғаларға ел ықыласының айрықша белгісі. Түптеп келгенде, мұны тарихи әділдікті қалпына келтіру деп түсінген жөн. Аға буынның өнердегі жолын қазіргі жастарымыз да лайықты жалғастырып келеді. Осы сабақтастықты сақтау өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.