Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада «ÓzgeEpic» алғашқы ірі шығармашылық хабы ашылды

18:51, 17 шілде 2024 524

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан ашылған шығармашылық хаб туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп.

«Елордада алғашқы ірі шығармашылық хаб («Мирный дом» тұрғын үй кешенінде орналасқан) ашылды. «ÓzgeEpic» хабына бірегей этно-музей мен қолөнер шеберханасы кіреді. Мұнда қонақтарға заманауи арт-перформанс, музыкалық және әдеби кештер үшін трансформер зал, сондай-ақ заманауи өнер галереясы, театр алаңы және ұлттық ойындардың смарт аймағы ұсынылады. Сондай-ақ, хаб аумағында қазақстандық баспалардың өнімдерін сатуға арналған кітап дүкені бар.

Мемлекет басшысы креативті экономика – талантты, шығармашыл адамдарды қызықтыратын ірі қалалардың дамуының қозғаушы күші екенін атап өтті.

Астанадағы креативті хабтың мақсаты – бәсекеге қабілетті заманауи өнерді дамыту және қоғамның мәдени санасын арттыру, сондай-ақ дарынды және интеллектуалды жастарды қолдау әрі тәлімгерлік ету. Хаб шығармашылық нарыққа жүздеген маманды қосуға ықпал етеді», – деп жазды елорда әкімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?