Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада жекеменшік емхана 16 мың азаматты өзіне заңсыз тіркеген

09:27, 19 наурыз 2024 425

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз сарапшыларының мониторингі барысында МӘМС және ТМККК қаражаттарын пайдалануда бірқатар ірі бұзушылықтарды анықтаған. 16 мың азаматты өзіне заңсыз есепке қою арқылы 100 млн теңгеден асатын қызметтерді «қосып тіркеген» елордалық емхананың қылмысы әшкереленді. Қазір сотқа дейінгі тексеру шаралары басталды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің сапасы мен көлемдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қор аталған жұмысты жүргізу нәтижесінде Астанадағы жеке меншік емхана 16 мың азаматты, оның 13 мыңнан астамы – балалар, өзіне заңсыз тіркеп қойғанын анықтады. Азаматтарды тіркеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыруға қол жеткізу үшін осы аталған тұлғалардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жасалған», - делінген ақпаратта.

МӘМСҚ барлық емханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қаражатынан оларға бекітілген әрбір тұрғын үшін айына 1 617,64 теңге мөлшерінде базалық төлем есептелетінін нақтылады. Бекітілген халықтың жас коэффициенті бойынша сома әрбір емхана бойынша жеке реттеледі. Нәтижесінде аталған клиника мемлекеттен әрбір тіркелген тұрғын үшін айына шамамен 1 800 теңге алып отырған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар