Халықаралық NeoScience Olympiad және Coding Olympiad Grand Final сайысы АҚШ-тың Майами–Орландо (Флорида штаты) қалаларында өтті. Аталған халықаралық жарысқа елімізден 17 оқушы қатысты.
22 елден 400-ге жуық оқушы бақ сынаған халықаралық олимпиадада оқушыларымыз топ жарды.
Олимпиадаға іріктеу онлайн өткізілді. Main Team Organisation ұйымдастыруымен, АҚШ елінде финал болды. Елімізден барған команда ерекше белсенділік танытты. Жүлделі орындар иемденіп, Қазақстанның абыройын халықаралық деңгейде асқақтатты.
Айта кетейік, Neo Science and Coding Olympiads — оқушылар мен жастардың ғылым, технология және бағдарламалау салаларына қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған заманауи халықаралық олимпиада. Ол XXI ғасырдың талаптарына сай, яғни STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағыттарын дамыту үшін ұйымдастырылған.
Олимпиаданың пайда болуына цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, бағдарламалау мен логикалық ойлауға сұраныстың артуы, болашақ мамандарды ерте жастан дайындау қажеттілігі негіз болды.
Neo олимпиадалары теориямен қатар практикалық тапсырмаларға, код жазу, алгоритм құру, ғылыми ойлау дағдыларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда ол көптеген елде өткізіліп, оқушылардың халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беріп келеді.
Neo Science and Coding Olympiads — бұл жай ғана жарыс емес, ол болашақ инженерлер мен программистерді тәрбиелейтін, ғылым мен технологияға жол ашатын маңызды білім платформасы. Олимпиада жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, елдің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосады.
Гранд Финал Нью-Йорк не Орландо/Маями (АҚШ) соңғы 5 жылдан бері өтіп келеді.
Әр категория бойынша абсолютті жеңімпаздар
Абсолютті күміс
Амина Курбанкожа
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 8 «С» сыныбы) – AI Prompt Lab
Ләйлім Рысқали
(Zerdeli International School, 10 «Г» сыныбы) – Биология
Абсолютті қола
Ясин Жалгасбаева
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «Д» сыныбы) – Биология, математика
Адия Ержанқызы
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «Д» сыныбы) – AI Prompt Lab
Алтын медаль
Камила Кадралиева
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «Д») – Биология
Адема Курманова
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «Д») – Биология
Асия Дурсунова
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «Д») – Математика
Амина Курбанкожа
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 8 «С») – Математика
Нафиса Худайберганова
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 8 «Д») – Математика
Дайана Ержан
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 9 «А») – AI Prompt Lab
Ажар Саттыклышова
(Дарынды қыз балаларға арналған Білім-Инновация лицейі, 8 «Д») – AI Prompt Lab
Ләйлім Рысқали
(Zerdeli International School, 10 «Г») – AI Prompt Lab, онлайн раунд (биология)
Ания Бекмагамбетова
(Қасым Қайсен атындағы №27 мектеп-лицей, 10 «Л») – Codecombat
Күміс медаль
Адия Ержанқызы – Биология, химия, Codecombat
Ясин Жалгасбаева – Codecombat, AI Prompt Lab
Камила Кадралиева – AI Prompt Lab
Хадиша Сайфидин – Математика
Ажар Саттыклышова – Математика, Natural Science
Айару Тілеп – Математика, химия, Codecombat
Асия Дурсунова – AI Prompt Lab
Томирис Сыздыкова – AI Prompt Lab
Амина Курбанкожа – Natural Science, Codecombat
Дайана Ержан – Биология
Нафиса Худайберганова – AI Prompt Lab
Ләйлім Рысқали – Codecombat, биология
Ания Бекмагамбетова – AI Prompt Lab, биология
Қола медаль
Камила Кадралиева – Биология, Codecombat, математика
Адема Курманова – AI Prompt Lab
Айсана Угланова – AI Prompt Lab
Хадиша Сайфидин – Биология, Codecombat
Зере Жанайдар – AI Prompt Lab
Айару Тілеп – AI Prompt Lab
Асия Дурсунова – Биология
Томирис Сыздыкова – Биология
Дайана Ержан – Химия
Нафиса Худайберганова – Natural Science, Codecombat
Нұрали Төлеген
(Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицей, 9 «Ә») – Codecombat, AI Prompt Lab