Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елімізде 9 жаңа құрметті атақ пайда болды

13:00, 30 желтоқсан 2024 479

Президент тиісті заңға қол қойды. Мемлекеттік наградалар жүйесіндегі бұрыннан бар 6 құрметті атақтың қатары артты.

Енді ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне де марапаттар берілетін болады, деп жазады Alash.KZ. Бұл туралы Ерлан Қарин хабарлады.

«Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар