Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елге белгілі журналист қапияда көз жұмды

13:28, 04 шілде 2026

Жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден өтті, – деп хабарлайды Alash.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеп.

Министрлік марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен оқырмандарына қайғыра көңіл айтып, оның қазақ журналистикасы мен әдебиетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің өркендеуіне арнады. Тағылымды туындыларымен оқырманның құрметіне бөленген қаламгер еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, кейін өңірлік радио және баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды. Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін ел игілігіне жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство сондай-ақ Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен шығармашылық мұрасы ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар