Танымал блогер, әзілкеш Елдос Кәдірхановтың келіншегі Таңшолпан көптен күткен жаңалығын жолдасына айтқан сәтін жариялап, елді жылатты, деп жазады Alash.kz.
Жақында ғана 8 жыл үздіктірген қуанышын айтып, gender party жасаған жұлдызды жұп осы бақытты сәттерін желіге салды.
Әзілкештің жары бұл туралы өз парақшасында қалжыңдай жазды:
“Ең қатты күткен жаңалықты Елдостың естігендегі алғашқы эмоциясы! Аллаға шүкір, армандар орындалады!
Елдоcқа “жылауық” деп прикол ұстамаңыздар”…
Видеоға тамсанған жұрт осы отбасымен бірге жылап, бірге қуанғанын жасырмады:
Елдоспен бірге өкіріп жылап отырмын. Аман-есен қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз!
Көрген сайын жылап қаламын! Тілекшімін!