Атырауда автобус 9 жастағы оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Оқиға кешкі уақытта болған. Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, автобусты 1964 жылы туған жүргізуші басқарған.
Бұл – қалада тіркеліп отырған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, сәуір айында мектеп маңынан жолдан өтіп бара жатқан бірінші сынып оқушысы көлік астында қалып, көз жұмған еді.