Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарына іліккен жас футболшы Дастан Сәтбаевқа Қазақ спорт және туризм академиясы арнайы академиялық грант табыстады, деп хабарлайды Alash.kz.
Отандық футболда үлкен үміт күттіретін жас талант Дастан Сәтбаевпен академия президенті Қайрат Закирьянов арнайы кездесіп, халықаралық деңгейде көзге түсе бастаған спортшыға қолдау білдірді. Академия басшылығы бұл бастаманы дарынды жастардың болашағына бағытталған маңызды инвестиция әрі білім мен спортты қатар дамытудың озық үлгісі ретінде бағалап отыр.
«Дастан Сатпаев бүгінде көптеген жасөспірімдерге үлгі. Оның жетістігі — арманға адалдықтың, тынымсыз еңбектің және ел сенімін ақтаудың айқын көрінісі. Қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас талантқа алдағы уақытта үлкен жеңістер мен биік белестер тілейміз!» – делінген баспасөз хабарламасында