Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ел алдына да шықпадым…”: Жұлдыз Әбдікәрімова неге 10 жыл бойы көрінбегенін айтты

15:24, 22 сәуір 2026

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, неге 10 жыл бойы көрінбегенін айтты, деп жазады Alash.kz.

«10 жыл үйде отырдым. Әркім бұл уақытты әрқалай қабылдайды. Бірақ мен қамақта болған жоқпын, 10 жыл декретте болдым. Сол кезде Қайрат енді танылып келе жатты. Балаларым бірінен кейін бірі дүниеге келді, алғашқы үшеуінің арасы небәрі 1 жас. Хан мен Нарұлдың арасы 3 жыл болғанымен, ол да аз уақыт.

Балаларым кішкентай болғандықтан, олардың жанында менің болғаным маңызды еді. Әр бала ананың махаббатына бөленіп өскенін қаладым. Үш баланың қалай өскенін өз көзіммен көрдім. Кейбіреулер “үйде отырып қалды” деп ойлайды, бірақ мен бұл уақытты саналы түрде таңдадым. Ел алдына да шықпадым, тойларға да бармадым. Бұл алдын ала жоспарланған шешім болды. Былайша айтқанда, мен де Гүлзира Үсенқызының бір жобасы болдым», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар