«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті съезінде ұйымның төралқа төрағасы ауысты. Бұл лауазымға бұған дейін мемлекеттік қызметте бірқатар жауапты жұмыстарды атқарған Қанат Шарлапаев сайланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл қызметте 2022 жылдан бері палатаны басқарып келген Райымбек Баталовтың орнына келді. Айта кетсек, Қанат Шарлапаев 2025 жылдың қыркүйек айына дейін Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеген болатын.
Жаңа басшының тәжірибесі мен өткен жылдардағы қызмет жолы:
• «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы;
• Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
• Президент әкімшілігіндегі экономикалық бағытқа жауапты кеңесшілік қызмет.