Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экономика комитетінің бұрынғы басшысы жемқорлығы үшін өлім жазасына кесілді (ФОТО)

10:40, 18 желтоқсан 2024 201

Қытай Коммунистік партиясының Хух-Хото қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағындағы жұмысшы комитетінің бұрынғы хатшысы Ли Цзяньпинді сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу барысында Ли Цзяньпин түрлі лауазымдарды атқара отырып, 1,43 миллиард юаньнан (бүгінгі курс бойынша 199 миллион доллардан астам) астам мемлекеттік қаражатты заңсыз иемденгені анықталды.

Сонымен қатар, ол басқа адамдардан 577 миллион юаньға (80 миллион доллардан астам) қаржылық және материалдық құндылықтар алған, сондай-ақ 1,05 миллиард юаньнан (146 миллион доллардан астам) астам мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған.

«Жоғарғы халық сотының шешімі бойынша 2024 жылғы 17 желтоқсан күні таңертең Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы Хинган округінің орта деңгейдегі халық соты Ли Цзяньпинге заңға сәйкес өлім жазасын орындады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қытай соты Ли Цзяньпинді 2022 жылы өлім жазасына кескен. Ол апелляцияға бергенімен, 2024 жылдың тамыз айында екінші инстанция соты өлім жазасын өзгеріссіз қалдырды. Өлім жазасы орындалмас бұрын Ли Цзяньпин жақын туыстарымен кездесті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар