Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды

13:30, 02 шілде 2024 441

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Екібастұз қаласында «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын»,- делінген ақпаратта.

28 маусым күні сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Салдарынан № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды. Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.

Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар