Алматыда екі блогер бопсалау ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының ПД қызметкерлері жәбірленушінің шағымы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде беделін түсіретін материалдарды жариялау арқылы бопсалау мен қорқыту әдісін қолданып, 8 млн теңге талап еткен. Сонымен қатар, олар жәбірленушіні сот шешімі бойынша кәсіпкер төлеуге міндетті 20 млн теңгеге қатысты талаптарынан бас тартуға мәжбүрлемек болған. Қылмыскерлер 10 млн теңге алған сәтінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.
KazTAG ақпарат көзі құқық қорғау органдарында ұсталған блогерлердің Дамир Күшеев пен Руслан Каримов екенін хабарлады.