Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған» - Екібастұздағы жантүршігерлік жағдай туралы ақпарат белгілі болды

18:09, 27 қаңтар 2026

Екібастұз қаласында екі бірдей жасөспірімнің қазасына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қайғылы жағдай 17 жастағы мектеп оқушысы мен колледж студентінің арасында орын алды. Өзара дос болған жастар өз үйлерінде жан тәсілім еткен, ал мәйіттерді жақындары тапқан. Айта кетерлігі, бойжеткен бозбаланың өлімінен кейін екі күн өткен соң өзіне қол жұмсаған.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғап, оқиғаның себеп-салдарын зерттеуге кірісті. Құзырлы орган өкілдері болған жайттың егжей-тегжейін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қолға алды.

«Полициямен өз-өзіне қол жұмсау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мамандар жасөспірімдердің мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын жан-жақты зерделеуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар