Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ер адам арасындағы жанжал салдарынан төбелеске еш қатысы жоқ адам қайтыс болды

18:37, 05 наурыз 2025 784

Түркістан облысы Ордабасы аудандық соты абайсызда адам өліміне себепкер болды деп айыпталған 54 жастағы жергілікті тұрғын Әсілхан Б.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарады. Бұл туралы Alash.kz Stan.kz ақпарат аггентігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өткен жылдың 15 қарашасы күні кешке Әсілхан Бадам ауылындағы үйінде WhatsApp желісі арқылы ауылдастарымен сөйлесіп отырған.

Әңгімелесу барысында Әсілхан мен топ мүшелері бірінің арасында жанжал туындаған. Ер адамдар бір-бірін балағаттап, ақыры Әсілхан көлігіне отырып, қарсыласымен бетпе-бет кездесуге кеткен.

Бұл кезде онымен жанжалдасқан адам достарымен кафеде отырған.

Ашуға булыққан Әсілхан атты азамат мекемеге кіре сала жанжалға еш қатысы жоқ ауылдасын желкесінен итеріп жібереді. Ол құлаған кезде тепе-теңдігін жоғалтып, басын асфальтқа соққан. Азамат ес-түссіз күйде орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, ол 40 күн ес-түссіз жатып қайтыс болды. Мәліметке сәйкес, ер адам көп мөлшерде қан жоғалтып, жабық бассүйек-ми жарақатын алған.

Жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатқан кезде Әсілхан мен оның туыстары науқасқа мерзімді түрде барып, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткен. Жәбірленушінің отбасына материалдық көмек көрсетіп, кешірім сұраған.

Әсілханға қатысты Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оған қатысты аумақтан шықпау және өзін дұрыс ұстау туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотта жәбірленушілер тарапы айыпталушыны кешіретінін айтып, тіпті бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Олар ешқандай материалдық және моральдық талаптар қоймады. Сотталушының өзі кінәсін толық мойындады.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлардың барын және ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескере отырып, сотталушыға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 11 668 теңге сот шығындарын төлейді.  Жәбірленушілерге өтемақы қорына 36 920 теңге міндетті төлем жасауы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар