Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ақын таласы: Исраил Сапарбай Мұхтар Шахановтың өтірік диплом алғанын айтты

22 маусым 2024 616

Ақын Исраил Сапарбай Мұхтар Шахановтың өткен шағын еске алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында ол  "Сойқан сұхбат" youtube-арнасына берген сұхбатында баяндап берді. Оның айтуынша, мықты ақын болу үшін білім керек.

Екеуміз құрдаспыз. Ол кезінде Шәмшімен (Қалдаяқов - ред.), Төлеген Айбергенов, Сабырхан Асановпен бірге жүрді. Оқуға түскен кезімде ол мен оқитын Шымкенттегі педагогикалық институтқа сырттай оқуға құжат тапсырды. Барып оқыған жоқ. Неге екенін білмеймін. Ал мен барып оқыдым. Екеуі екі бөлек нәрсе. Ол ерте есейді. Бірақ ақын болу үшін Алладан талант берілу керек. Педагогикалық институттың өзін 4-5 жыл оқып бітірген адаммын. Ал ол сырттай бітірді. Бір күні ректормен жиналыста Мұхтар Шахановтың 25 пәннен қарызы бар екенін білдім. Оқуға тапсырғанымен ешқандай сессияға келмеген. "Мұхтар Шаханов бірде бір сессияға келмеді, оқудан шығарып жіберейік" деді ректор.  Сол кезде мұғалімдер қорғап, "ертеңі бар азамат, бізге мақтаныш болады" деп алып қалды. Ол кезде мен мән берген жоқпын. Бітірмесе де дипломды оған сол өтірік беруі мүмкін. Ал мен білім алып, оқыдым, - деді ол.

Сондай-ақ, ақын Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ екенін баса айтты.

"Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ. 1000 жерден талант болғанменен, білім керек. Ол маған білім жағынан тең келе алмайды. Талай рет көзім жетті. Мен отырған жерге Шаханов отыра алмайды. Себебі одан гөрі менің білімім мықты. Бірақ мен оған "сенен білімім мықты" деп айта алмаймын, ұят болады. Туа бітті ақын болғанымен, интеллектуалдық білім керек ақынға", - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?