Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екеуі де киімсіз: Туған әкесі қыздарын зорламақ болған

20:43, 30 сәуір 2024 2651

Өз қызын зорламақ болған әке 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Stan.kz мәліметінше, былтыр 8 қарашаға қараған түні 38 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге "Қайнар бұлақ" саяжайындағы үйіне қайтып келе жатқан. Олардың отасқанына 8 жыл болған.

Екеуінің ортақ некесінен екі қызы бар. Үлкен қызы 9 жаста болған. Ішімдікке сылқия тойған ер адам әйелін сыра мен арақ сатып алып келуге дүкенге жұмсайды. Әйелі дүкенге кеткенде, сотталушыны үйінде екі қызы күтіп отырған.

Біраздан кейін ол әйеліне хабарласып, үйдің жиналмағанын айтып оған дүрсе қоя береді. Әйел қорыққаннан үйге келе сала моншаға тығылып, күйеуінің ұйықтағанын күтеді.

Алайда жарты сағаттай уақыт өткен соң үйден қыздардың жылаған даусы мен айғайы естиді. Қыздардың анасы үйге кіріп барғанда ер адамды қыздың үстінде жатқанын көрген. Екеуі де киімсіз екен. Әйел күйеуін итеріп, қыздарын көршінің үйін паналайды. Әйел сол жерден полицияға хабар берген.

Сот отырысында айыпталушы қызын қатты жақсы көретінін және зорлауы мүмкін емес екенін айтты. Десе де ол қатты мас болғанын мойындады. Сондықтан ол қызын әйелімен шатастыруы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар