Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еден жуып жүр": Перизат Қайраттың түрмеде қандай жұмысқа тартылғаны белгілі болды

16:55, 08 сәуір 2026

Сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайраттың қазіргі таңда түзеу мекемесінде еңбекке орналасқаны белгілі болды, деп жазады Alash.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, ол колониядағы қызметтік ғимараттарды тазалау жұмыстарын атқаруда. Жазасын өтеушінің бұл қызметі мекемедегі сотталғандарды жұмыспен қамту жоспарына сәйкес белгіленген.

Комитет өкілдері Перизат Қайраттың түзеу мекемесіндегі күнделікті жұмыс кестесі туралы хабарлады. Ол белгіленген ережеге сай нысандардың ішкі тазалығына, соның ішінде еден жуу және өзге де техникалық жұмыстарға жауапты болып бекітілген. Бұл шаралар сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу және мекеменің ішкі тәртібін сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Бұған дейін атышулы іс бойынша сотталған азаматтың жазасын өтеу барысы құзырлы органдардың тұрақты бақылауында. Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, жазасын өтеушіге жүктелген міндеттер заңнамалық нормаларға толық қайшы келмейді. Қазіргі уақытта ол өзіне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын орындауды жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар