Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дзюдошы сұрақ қойған журналистке қазақша сөйлеуін талап етті

12 мамыр 2024 929

Дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов журналистке қазақша сұрақ қоюын талап етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол кезекті жекпе-жектен соң БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп тұрған.

Тілшілердің бірі одан орыс тілінде: “Ең қиын қарсылыс кім болды?” деп сұрайды.  

“Қазақша айтасыз ба? Мен түсінбей жатырмын,” - деп жауап қайтарады спортшы.  

Жанында тұрған өзге журналист сұрақты қазақшаға аударып береді. Әбдірахманов өзіне Махматбеков деген спортшымен белдесу оңайға түспегенін айтады.  

Жарыс қорытындысы бойынша Бақытжан Әбдірахманов үшінші орын үшін таласта ирландық Джошуа Гринды жеңіп қола медалға ие болды.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?