Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы елшілер арасында тоғызқұмалақтан жолдастық кездесу өткізді

20:56, 21 мамыр 2024 525

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау және ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеу мақсатында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы елшілер арасында тоғызқұмалақтан жолдастық кездесу өткізді.

Дипломатиялық корпус арасында тоғызқұмалақтан жарысқа еліміздегі бірнеше елшілік өкілдері ықылас танытты.

21 мамырда Астанадағы «The One Hotel» қонақ үйінде ЕуроОдақ, Үндістан, Марокко, Ресей, Ирак, Өзбекстан, Қырғызстан, Эстония, Литва, Латвия және Польша мемлекетінің елшілері мен елшілік қызметкерлері жиналды.

ЕуроОдақ өкілі Мачей Мадалинский, Марокко елшілігінен Mr.Ouahi Driss, аудармашы Байқоныр Аягөз, Үндістан елшісі, РФ атташесі, Ирак елшісі Доктор Джабер Нажм Абдуллах қазақтың зияткерлік ойыны- тоғызқұмалақтан сынға түсіп, қызығушылық танытты. Жарысқа қатысам деп ниет танытқан дипломатиялық корпус өкілдеріне қосымша сабақ алып, шеберліктерін жетілдіруге алдын ала жаттықтырушылар ойын үйреткен болатын. Елшілік өкілдеріне тоғызқұмалақ тақталары сыйға тартылды.

Бүгін сондай-ақ тоғызқұмалақтан осы күнге дейін жетістікке жеткен шеберлер, Әлем чемпиондарының арасында да сайыс өтті. Алты ойыншы қатысқан додада тоғызқұмалақ шебері Серік Ақтаев жеңімпаз болды.

Серік Ақтаев - 1 орын, тоғызқұмалақтан әлем чемпионы

Ернұр Мерешев - 2 орын, халвқаралық дәрежедегі спорт шебері

Махсат Шотаев - 3 орын, әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Айдос Сейітжан - Әлем чемпионы

Мұрат Аяпбеков - Ардагерлер чемпионы.

Бүгінгі жиынға ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, Астана қаласы қамқоршылар төрайымы Binom мектептер желісі басшысы Шолпан Маратқызы арнайы қатысып, жарыс қонақтарына жылы лебізін арнады. Бұл дәстүрлі жарыстың өтуіне Дүниежүілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Бәймен мен федерация вице-президенті Мақсат Раманқұл ұйытқы болып келеді.

Биыл қыркүйек айында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Астанада жалауын көтереді. Бағдарламада 2020 жылы желтоқсан айында ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілген тоғызқұмалақ ойыны да бар.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар