Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дубайда қазақ қызын аяусыз өлтіріп, денесін чемоданға салып лақтырып кеткен (ВИДЕО)

13:51, 30 мамыр 2024 1698

Біріккен Араб әмірлігінде қазақ қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Сүйіктісі Яна есімді қазақ қызын БАӘ елінде аяусыз өлтірген. Денесін чемоданға салып, елдің шалғай бетіне тастай салған. Бұл туралы Barys Media YouTube арнасы мәлімдеді.

Яна Бейсембаева қорлық көрсетуден тайынбайтын ғашығынан құтылу мақсатында БАӘ-ге жұмысқа кеткен.

"Яна өте ақжарқын, қабілетті қыз еді. Қытайда білім алып, сол жерде жұмыс істеді. Атырауда да жұмыс істеді. Өте белсенді еді", - дейді Янаның құрбысы.

Үш жыл бұрын танысқан жігітінің 3 жасар баласы, отбасы бар екенінен бейхабар болған.

"Жігіттің 3 баласы, отбасы бар болып шықты. Әйелі өте өктемшіл келіншек болған. Әйелі Янаға жазды, маған да жиі жаза беретін", - дейді Янаның құрбысы.

Жігіт Яна Бейсембаеваны қызғанып, ұруды бастайды. Қарым-қатынастан ештеңе шықпайтынын ұққан Яна жігітпен айырылысуға шешім қабылдайды. Бірақ жігіт қыздың ізінен қалмайды.

"Янаны іздеп үйге дейін келетін. "Кет" десе, кетпейтін. Ит үрсе де, біз айқайласақ та кетпей тұрып алатын", - дейді Арман Бейсембаев. 

Яна БАӘ кетпестен бұрын жігіті оны зорлағаны туралы полиция қызметкерлеріне арыз жазған. Алайда, ол арызды қайта алған. Кейін қалай құтыларын білмеген ол Дубайға ұшып кеткен. 

Жігіт Янаны іздеп, Біріккен Араб әмірлігіне барған. Ол ұшақтан түсе сала, Яна жұмыс істейтін мекемеге барады. 

Дубай прокуратурасының тергеуі бойынша, ер адам Янаны пышақтап өлтірген. Ол алғашында иығы мен қолына пышақ сұққан. Яна қашуға тырысқанда, жігіт ашуға булығып, денесінің барлық жеріне пышақ сұғып тастаған. Кейін Янаның қаза болғанын көріп, чемоданға салып шалғай елді-мекенге лақтырып кеткен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар